Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Авторлық құқық маманы: Витас Димаштың үстінен арыздана алмайды

Ресейлік әнші Витас өз әнін орындағаны үшін Димаш Құдайбергеновтің өзіне шағым түсіре алмайды.

витас и димаш

Бұл туралы авторлық құқық жөніндегі маман Темірлан Төлегенов Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында айтып берген.

Бұған дейін қытайлық БАҚ-тар Витастың өкілінің I am a Singer жобасын көрсетіп жатқан Hunan TV арнасына шағым түсіргенін жазған болатын. Витасқа қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтің «Опера №2» әнін орындағаны ұнамай қалған. Композиция авторы әрі орындаушысы өз әнін орындағаны үшін қаламақы талап еткен көрінеді.

Димаштың PR-менеджері Алпамыс Шәрімов телеарнаға Витастың атынан шағым түскенін растады, алайда бұл туралы қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Есесіне авторлық құқық жөніндегі маман Темірлан Төлегенов бұл мәселенің бетін ашып берді. Оның айтуынша, Витас өз әндерінің түрлі байқауларда орындалуына тыйым сала алмайды.

“Әдетте мұндай шектеулер байқауларға жүрмейді. Өйткені байқауларда кез келген әнді орындауға болады. Мұнда бар мәселе құқықты кімнің қорғайтынында болып тұр. Мәселен, сіз бір фильм түсіргелі жатырсыз. Онда қолданылатын музыка ретінде сіз біреудің туындысын аласыз. Ол үшін сіз автордан рұқсат сұрап, сыйақы төлейсіз. Авторлық құқықтың заңдылығы осы. Сол сияқты танымал әуенді жарнамаға қолданған кезде рұқсат аласыз. Әдетте, менің білуімше, SuperStar.kz сияқты байқауларда лицензияларына сәйкес, не музыкалық баспалармен, не авторлық ұйымдармен келісім жасалады. Осы музыкалық материал құқық иелеріне төлем жасалғаннан кейін берілуі қажет. Сондықтан, менің білуімше, бұл конкурстардың қарапайым процедурасы”, – дейді Төлегенов.

Маманның айтуынша, әдетте байқауларда әншінің орындайтын әнін музыкалық продюсерлер таңдайды. Әркез қатысушының өзі таңдау жасай алмайды. Бұдан бөлек, Төлегенов қалаған жағдайда Витас өз әндерін Димаштың орындауына тыйым сала алатынын айтты.

“Витас өз әндерін жеке мақсатта орындауға, оның әндерін жеке альбомға қосуға тыйым сала алады. Ал байқауларға келсек, бұған сену қиын. Мұндай жағдайда Витас Димашқа емес, байқаудың өзіне шағымдануы тиіс”, – дейді ол.

Маманның пікірінше, авторлық құқық туралы шағымдар әдетте сотқа жетпей өз шешімін тауып жатады. Бұл ретте шағымданушылар өтемақы соммасын атайды. Әдетте екінші тарап келісім беріп, қаламақы төлейтін көрінеді.

Естеріңізде болса, ресейлік әнші Витас I am a Singer байқауында өз әнін орындаған Димаш Құдайбергеновтің үстінен шағымданды.

Жіберіп алмаңыз:

Димашты сынаған дінтанушы өз сөздеріне түсініктеме берді

Димаштың болашағынан үміт күткен әншілер кімдер? (видео)

Ерке Есмахан мінсіз мүсінін көрсетемін деп ұрыс естіді (фото)

“КешYou” тобының жаңа құрамы анықталды (видео)

Талқылау