Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“КешYou” тобының жаңа құрамы анықталды (видео)

“КешYou” тобының жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық! Желіде топтың жаңа құраммен Қытайда ән салған видеосы пайда болды.

КешЮ_7

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян Есентаева топқа жаңа қыз іздеуден шаршаған ұқсайды. Сол себепті ол “КешYou” тобына өз қарамағындағы “Лашын” тобында ән салған Элизат Берікованы алған.

Есте болса, осыдан бірнеше апта бұрын топтың желідегі парақшасында қыздардың теріс қарап тұрған суреті пайда болған еді. Сол кезде-ақ көзі қырағы тыңдармандар оның Элизат екенін байқап қалды.

Алайда ел арасында топқа Назым Әбілдина немесе “Лашындағы” Сара Амангелді келуі мүмкін деген де әңгімелер жүргендіктен, жұрт қайсысына сенерін білмеді.

Ақырында желіде топтың жаңа құрамының Қытай елінде ән салған видеосы пайда болып, шындықтың беті ашылды.

Айтпақшы топтың ресми парақшасында жаңа құрамның 7 ақпанда жария етілетіні хабарланған. Десе де тыңдармандар ол күнге жетпей-ақ шындықты біліп қойды.

Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова 2560 жылдан сәлем жолдап жұртты шошытты (фото)

Димаштың болашағынан үміт күткен әншілер кімдер? (видео)

Әнші Шахизада екінші рет әже атанды (видео)

Бағым Мұхитденова бір кездері Димашты сынағаны үшін өкінбейтінін айтты (видео)

Талқылау