Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың болашағынан үміт күткен әншілер кімдер? (видео)

Бірнеше жыл бұрын отандық арналардың бірінен “Жеті ән” атты бағдарлама көрсетілді. Аталған бағдарламаның шартына сәйкес, әнші әнді түпнұсқасынан өзгеше етіп орындауы тиіс. Яғни ол ешкімге ұқсамауы керек. Бұл бағдарламаға Димаш Құдайбергенов те қатысып, “Кінәлама” атты әнді орындаған болатын. Әділқазы алқаларының көпшілігі оған оң бағасын берді.

15538346_189959451469570_7033496477527703552_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Лирикалық бағыттағы әнді біз рок жанрына ауыстырдық. Өзім рокты бұрын-соңды айтып көрмегенмін. Шыны керек, өте қиын. Бойымда қорқыныш та, сенімділік те бар. Мұндай сезім әр әншінің бойында сахнаға шығар алдында болып тұруы керек. Үрей болмаған жерде, әнге деген жауапкершілігің жоғала бастайды. Сол дайындаған әнімді сахнада алып шыға аламын ба деген үрей бар менде. Мойындаймын. Бойымды, күш-жігерімізді жинап, өнерімізді көрсетуге тырысамыз”, – деді Димаш сұхбаттарының бірінде.

Тоқтар Серіков:

Бұл әнге өзгеріс енгізудің қажеті жоқ еді. Ал мұны қаз-қалпында орындағанда, керемет орындайтын едің. Талассыз сенің даусыңа тәнтімін, ризамын. Болашақта Мейрамбек ағаң сияқты, қазақ дейтін халықтың маңдайына біткен дара жұлдыз болуыңа тілектеспін. Аман бол!

Майра Мұхамедқызы:

Мен таңғалып отырмын. Димаш бір әнді үш түрлі дауыспен орындап шықты: бірінші эстрадалық, екінші қоңыр, кульминацияға жоғарылады. Ер Құрманғалиев қайтадан ортамызға келген сияқты. Бұл дауыс – Құдайдың саған берген таланты. Екінің бірінің даусы мұндай бола бермейді. Өте тамаша! Алла бұйырса, алдыңғы уақытта мен Димашпен дуэт айтамын.

Алтынбек Қоразбаев:

Айналайын Димаш, сен осы жобаның жарық жұлдызы болып тұрған сияқтысың. Сенің диапазоның тіпті сапраноға жеткен сияқты. Алдыңнан жарылқап, өнердің биігінен көрін. Бүгінгі әнді сен игеріп, әдемі қырынан көрсеттің.

Майра Ілиясова:

Бұл жобаның басты мақсаты – ешкімге ұқсамау керек. Сен осы талаптың барлығын орындадың. Бірақ бұл жерде оны Мейрамбекпен салыстырудың қажеті жоқ. Мейрамбек мүлдем басқа, ал Димаш өзінше орындап шықты.

Сұлтана Қаражігітова:

Мен сенің бір әнде барлық мүмкіндіктеріңді көрсетуіңе қарсымын. Сопрано, микстон, фальцет – барлығын араластырып жібердің. Сол себепті ән ойдағыдай шықпады. Құлақтың құрышын қандыратын дүниелер жоғалып кетті. Сол себепті ғана онша емес деп айтар едім.

Мейрамбек Беспаев:

Дегенмен, Димашқа құтты болсын айтуға болады. Бүгін ол үшін жеңісті күн болды. Құдай қаласа, Майра апамыздың өзі онымен бірге дуэт айтқысы келіп отыр. Бұл – үлкен тарих, үлкен естелік.

Ал Димаштың өзі бірнеше мемлекеттің сүйіктісіне айналған Мейрамбек Беспаевтың әнін орындау қиынға соққанын айтып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Бағым Мұхитденова бір кездері Димашты сынағаны үшін өкінбейтінін айтты (видео)

Димаштың шетелдік тыңдармандары Абайды зерттеп жүр

Баян мен Тұрсынғали махаббат хикаяларының қалай басталғанын айтып берді

Тұрсынғали Алагөзов: Мен қазір ажырасу үстіндемін

Талқылау