Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанкүйерлері Димаш отырған ұшаққа билет алуды шығарған

Тыңдармандары Димаш Құдайбергеновтың әр басқан қадамын аңдитын болған. Тіпті оны көру үшін ол отырған ұшаққа билет алуды шығарған.

16122386_378150492543644_4798632304006135808_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш Құдайбергеновтың Қытайда жүрген досы ол туралы қызықты мәліметтерді бөлісіп жатыр. Бұл жолы ол Димаштың жанкүйерлерінің ұшақ ішінде де маза бермейтінін айтты.

“Байқау біткен бойда біз Чаншадан Бейжің қаласына барамыз. Қай рейспен ұшатынымызды қайдан біліп алатынын білмеймін, бірақ бір ұшаққа Димашпен бірге ұшу үшін жанкүйерлері билет алып ұшатынды шығарыпты. Көзілдірік, кәпишөн мүлдем көмектеспейді. Security-леріміз аман болсын, әйтпесе білмеймін.Мен де өзімше “шолпан” болып кәпишөн киіп алғанмын ғой. Мені кім танысын?! Қайырлы түн! Жақсы адамнан жақсы сөздер шығады! Әдемі тілектеріңізге раxмет!” – дейді Алпамыс Шәрімов.

Желі қолданушылары өз кезектерінде Алпамыс мырзаның қарапайымдылығына қайран қалды. Мұнымен қатар, Димаш екеуінің бірдей киім киіп жүруге тырысатынына мән берді. “Екеуің бірдей киім киетін болсаңдар, шатасып танымай қалатын шығар”, “Күнде күшті жаңалықтар естіп қуанып жатырмыз. Жағымды жаңалықтар көп болсын!”, “Екеуіңнің достықтарыңа селкеу түспесін. Көз тимесін. Әрдайым жолдарың болсын”, “Алла жар болсын сіздерге”, “Өмірімде бір артист үшін тап осылай қобалжып, қорықпаған екенмін. Аллаға аманат! Димашқа дұғай сәлем” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш пен оның досы жұртты Бағым Мұхитденованы қараламауға шақырды

Үшінші орын алған Димаш Құдайбергенов жалпы есепте бірінші орында келеді

Мақпал Жүнісованың қар күреген видеосы желіде “хитке” айналды (видео)

Сәкен Майғазиев: Тұқымын бұзғысы келген қыздар қазаққа жақсылық әкелмейді

Талқылау