"Өздеріңізді сақтаңыздар": Димаш Құдайберген коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерді қолдады
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Уханадағы коронавирустың өршуімен күресіп жүрген дәрігерлерге тілек білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасында қытайлық дәрігерлердің фотосуреттері бар жазба жариялады. Дәрігерлердің біреуінің формасында Dimash және Dear жазылған. Ол суреттерді Weibo (қытайлық Instagram) әлеуметтік желісінен көрген.
"Мен өзімнің қытайлық Instagram-ымнан Ухань қаласында коронавирустан адамдарды ерлікпен құтқарып жүрген Dear-дәрігерлердің фотосын көрдім. Мен жақында бәрі аяқталады деп үміттенемін. Өздеріңізді сақтаңыздар!"- деп жазды әнші.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар