Димаш Құдайберген өнердегі інісі Кемеңгер Оралға көлік сыйлады
Актер Кемеңгер Орал туған күнінде ерекше сыйлыққа ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Димаш Құдайбергеннің өзіне көлік сыйлағанын айтып, қуанышымен бөлісті. Кемеңгердің сөзінше, бұл күн оның өміріндегі ерекше сәттердің бірі болған. Туған күні мен премьера қуанышына Димаштың тосынсыйы қосылған.
“Аға, сізбен бірге жүрген осы уақыт ішінде көп нәрсе үйрендім. Әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдіріп, еңбегімді бағалап келе жатқаныңыздың өзі мен үшін үлкен бақыт. Бұл сыйлықты маған деген сеніміңіздің, адам әрі аға ретінде әрдайым қолдап жүргеніңіздің белгісі деп білемін”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ Кемеңгер Орал Димашпен бірге жүріп, айрықша сәттерді тамашалауды өзі үшін үлкен мәртебе санайтынын жеткізді.
“Ағайын, Легендадан көлік алдым сыйлыққа. Құттықтап қойсаңыздар болады! Әуелі Алла, сосын сізге рақмет, аға!” – деп жазды Кемеңгер Орал.
Еске салайық, бұған дейін кейуананың қолынан сүйіп, құрмет көрсеткен Димаш Құдайберген көпшілікті сүйсінткені хабарланған еді.