«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды
"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін дейін ұзартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/armandzhumageldiev
"Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды",- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы "Дикий Арманың" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"