"Дикий Арман" екі айға қамауға алынды
Жуырда Алматыда арнайы операция барысында ұсталған Арман Жұмагелдиев сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды.
Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді. "Дикий Арманды" ұстау сәтінің суреттері жарияланды. Оларға қарағанда ұстау операциясы қонақүйлердің бірінде болған.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған