Таңғы асқа жеу керек ең пайдалы ботқа түрлері белгілі болды
Диетологтар таңертең тамақтануға жарамды, пайдалы дәнді дақылдардың тізімін жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күріш ботқасы аллергия тудырмайды. Күріште көптеген В және PP дәрумендері, тиамин, каротин, темір, мырыш, йод және дененің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет басқа микроэлементтер бар. Бұдан басқа, күріш ботқасында амин қышқылдары көп.
Үшінші орында сұлы жармасы болды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл тағам талшыққа, ақуызға, С, А, РР, Е дәрумендеріне және В тобына, магний, фосфор, фтор, кальций, калий және никельге бай, денеге пайдалы. Сарапшылар сұлы майы асқазанның қышқылдығын қалыпқа келтіреді және денені тазартады дейді.