Диетолог жылдам арықтауға көмектесетін тағамдарды атады
Диетолог-дәрігер Ирина Торопыгина E1.ru порталына арықтауға көмектесетін тағамдар туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігер күнделікті рационда жеміс-жидекті көбейтуге кеңес берді. Әсіресе, құрамында бромелайн ферменті бар ананасты тұтынуға кеңес берді. Ол өз кезегінде ас қорыту жүйесін жақсартып, майлы тіндердің пайда болуын алдын алады.
Оның айтуынша, грейпфрут инсулин деңгейін тұрақтандырып, иммунитетті күшейтуге көп көмектеседі. Диетолог оның жұқа қабығын алмауға кеңес берді. Себебі онда метаболизмді жылдамдататын нарингин бар. Ал зімбір астың тез қорытылуына әсер етеді.
Бұл жемістердің пайдасы мол болса да, маман оларды белгілі бір мөлшерде ғана тұтынуға кеңес берді.
Талқылау

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
Талдықорғанда оқушылар мен студенттерге, сонымен қатар зейнеткерлерге жолақы тегін

"Жалғыз өзі шетелге барып келген қызға жоламаңдар": Әлеуметтік желідегі пікірлер қазақстандық арулардың наразылығын тудырды
Жігіттер: "Ол жақта не істеп келгендерін өздерінен басқа ешкім білмейді"