Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог жаңғақтың зияны жайлы айтты

Диетолог Артем Леоновтың айтуынша, грек жаңғақтары, миндаль, кешью және пісте күш-қуат беріп, қан-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады. Дегенмен оларды дұрыс тұтынбаса, ағзаға кері әсерін де тигізуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

жаңғақ

Маманның айтуынша, жаңғақтың құрамында көптеген пайдалы макро және микроэлементтер, жасұнық пен ақуыз және өзге де заттар бар. 

"Жаңғақ құрамындағы барлық пайдалы заттар пассивті күйде болады. Табиғи консервантпен шектеліп, ағзаға еш пайдасын тигізбейді. Су табиғи консерванттарды жоя алады, бұл – табиғи процесс. Егер жаңғақты 6-8 сағатқа суға салып қойса, құрамындағы микро және макроэлементтер белсенді күйге ауысып, ағзаға пайдасын тигізеді", –деді ол. 

Бұған дейін америкалық диетолог Лорен Манакер грек жаңғақтарында майлы қышқылдар, антиоксиданттар мен жасұнықтың көп мөлшерде болатынын айтқан. Алайда оны тұрақты түрде тұтыну денсаулыққа зиянын тигізуі де мүмкін екен. Диетолог жаңғақтың түрлі тағамдарда қосымша толықтырғыш және жақсы тіскебасар болатынын айтады. Алайда оның бойындағы фитин қышқылының кесірінен ағзада темір дұрыс түзілмейді дейді.  
 

Талқылау