Диетолог таңғы ас ішудің ең қолайлы уақытын айтты
Таңғы асты ішу үшін ең жақсы уақыт оянғаннан кейінгі алғашқы бір жарым сағат болып саналады. Дәл осы уақыт аралығында таңғы ас ішу керек, дейді медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің медицина факультетінің доценті Андрей Бобровский. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Бірнеше минуттық, тіпті жарты сағаттық айырмашылық ерекше рөл атқармайды. Таңғы ас сізге ұйқыны ашып, ми белсенділігіне қуат беруі керек", - деді дәрігер. Диетолог егре таңғы ас жеңіл болса, төсекте ішу де ешқандай зиян емес. Ең жақсысы - таңғы асты жұмыс күндері бір уақытта ішу.
Тек демалыс күндері ған бұл режимге өзгеріс енгізуге болдаы. Бобровскийдің айтуынша, күнде бір уақытта тамақтану адамға жеткілікті мөлшерде күш алуға мүмкіндік береді.
Диетолог сонымен қатар таңғы ас ішпеу артық салмақпен ауыратын адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін екенін айтты. Бірақ арықтауға бейім және тамақтанудың жолдары бұзылмаған адамдар таңертеңгі тамақты ішпесе де болады.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады