Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диас Ахметшәріп: Вирусқа сенбей жүре беріңіздер, көз жұмасыздар, сосын сіздерді жерлеп тастаймыз

Денсаулық сақтау министрлігінің Диас Ахметшәріп вирусқа сенбей жатқан жұртқа ескерту айтты. 

Соңғы аптада коронавирус індеті өршіп тұр. Халық арасында да, шенеуніктер арасында да ауру жұқтырғандар саны басым. Алайда індетке сенбестік танытқандар тағы бар. Олар әсіресе желіде пікірін ашық айтып, аурудың жоқ екенін жазады. 

Танымал тұлғалар аурудан сақтанып жүруге шақырып, ескерту айтып жатыр. Осы ретте Ашық алаң бағдарламасында Диас Ахметшәріп ескерту айтты. 

"Вирусқа сенбейміз дейді. Ауруға сенбесеңіздер, ертең ауырғанда көздеріңіз жетеді. Ол кезде сізді ешкім емдемейді. Орын да табылмайды. Қазір науқас саны көп. Мен ресми өкіл ретінде айтамын. Вирус жоқ, сенбеңіздер. Бұл ойдан шығарылған нәрсе. Ақыры сенбейді екенсіздер, ертең ауырып көз жұмасыздар, сосын сіздерді апарып жерлеп тастаймыз", - деді ашынған ол.

Бұл пікірден соң желі қолданушылар сұрағын жаудырды. 

"Сенген адамға орын табылама сонда", "Өкпе ауруының көп түрі бар бірақ барін коронавирус дегені күдік тудырады", "Аллаhқа сенеміз ғой сақтансан сақтайды, Аяқтарымызды андып бассақ, бәрі де жақсы болмақ!", "Жоқ аурумен қара халықты алдап отырсыздар ма?", "Жаман айтпаңыз, кімнің көз жұмарын құдай біледі", - деп жазды олар.

Талқылау