Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі бала көтерген ер адамды соққыға жыққан Шүменов екенін растады

Ішкі істер министрлігінің вице-министрі Қайрат Сөнтаев Астанада бала көтерген ер адамды соққыға жыққан  боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бірнеше танымал Telegram арналары бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің сауда орталығындағы жанжалға тікелей қатысы бар екенін хабарлаған. Кейін боксшының Instagram желісінде ол туралы жағымсыз пікірлер жазыла бастады, бірақ кейін Шүменовтің парақшасында хабарлама қалдыру мүмкіндігі өшірілді. Әзірге спортшы тарапынан ешқандай түсініктеме берілген жоқ. Алайда Ішкі істер министрлігінің вице-министрі бұл ақпаратты растады.

"Иә, бұл Шүменов болды. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір онымен айналысып жатырмыз", - деді Қайрат Сөнтаев үкімет отырысында.

Вице-министрдің айтуынша, бұл істі "жазып алған" учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеру басталды.

"Тексеру жүріп жатыр, ол қатаң жазаланады, күні кеше ғана министр бұл мәселені көтерді", - деді Сөнтаев.

Сондай-ақ вице-министрге шабуылшының титулды кәсіпқой боксшы болуы жауапкершілікті ауырлата ма? - деген сұрақ қойылды.

"Ол көп уақыттан бері бокспен айналысып жүрген жоқ екен, сараптама нәтижесін күтейік", - деп жауап берді Қайрат Сөнтаев.

Сұнтаевтың айтуынша, бала зардап шекпеген, себебі оқиға кезінде Шүменов байсалды әрекет еткен.

"Жоқ, бала зардап шеккен жоқ, бірақ жәбірленуші қылмыстық қудалауды талап етуде", - деді министрдің орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада бала көтерген ер адамның соққыға жығылғаны туралы ақпарат жариялаған болатынбыз. 

Талқылау