Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Тұрлыхановтың ұлы сот шешіміне аппеляциялық шағым түсірген

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың адвокаттары сот шешіміне аппеляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөздерден

Ақпаратты Алматы қалалық соты растады. 

"Апелляциялық шағым түсті. Іс материалдары процессуалдық мерзімге байланысты апелляциялық сот алқасына әлі жіберілген жоқ", – делінген сот хабарламасында. 


"Қорқынышпен өмір сүріп, Алладан жазаңды күт": Тұрлыхановтың ұлынан таяқ жеген адвокат енді депутаттың қызы сес көрсеткенін айтты


Соттың мәліметінше, Нұрасыл Болаттың Медеу аудандық №2 сотының шешіміне қатысты шағымы өткен аптада түскен. 

Еске салсақ, бұған дейін заңгерлер Олег пен Анна Черновты соққыға жыққаны үшін екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын алған депутат Тұрлыхановтың ұлының түнгі уақытта көшеде жүрген және тойда жүрген видеосы тарағаны туралы жазған едік. 22 қазан күні Алматы соты Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеу жазасын пробация тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Енді депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасының қалған 1 жыл 5 ай мерзімін орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейді.

Талқылау