Басты жаңалықтар
Депутат Ринат Зайытов өзін жерден алып жерге салғандарға жауап берді
Соңғы кезде мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов жиі сынға ілігіп жүр. Ақын әлеуметтік желіде өзін сынаған көпшілікке өлеңмен жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/rinat_zaitov_resmi
Ринат Зайытов Instagram парақшасындағы соңғы жазбасында өзіне жазылған түрлі жағымсыз пікірлерді жинақтапты.
“Сен кімге керексің, Ринат? Жоғалшы! Түріңді көрсем көпке дейін тамақ іше алмаймын”, “Ринат, әртіссің ғой. Тыныш қана домбыраңды тартып жүре берсеңші”, “Нең бар саясатта?”, “Халық арасында ринатшылар бар ма? Ринат қазақ халқын, өз ар-намысын театр директорының креслосына айырбастаған адам”, – деген пікірлер мен балағат сөздер көп.
Ақын хейтерлерге төрт жол өлеңмен жауап қайтарды.
“Ұға алмаса жан сырымды бұл ортам
Кімге өкпелеп, қай пендеге мін артам?
Шалбар киіп жүргеннен соң шірімей
Келе жатыр мойнымдағы қыл арқан...”, – деп жазды ол.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған