Депутат Қазақстанға Қытай нөмірімен кіретін көліктерден ақы алуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжіметдинұлы елімізге Қытай нөмірімен кіріп жатқан көліктерден ақы алу ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, екі мемлекет арасындағы автотуризм қарқынды дамып жатқанымен көрші елдің отандастырымызға талабы қатты. Олар өз көлігімен келген қазақстандықтарға ақша төлетіп, көп құжат рәсімдеуге міндеттейді. Ал бізде, халық қалаулысының сөзінше Қытай азаматтарына талап тым жеңіл және бақылау да жүргізілмейді дейді депутат.
“Баcқа мемлекеттер мұндай рәсімдерді ресми табыс көзіне айналдырған. Егер Қазақстан осындай тең тәсілді қолданса, яғни паритет жүргізсе осы 1 жыл 4 ай көлемде бюджетке және қызмет көрсетуші инфрақұрылымға шамамен 5 миллиард теңге көлемінде қосымша біздің бюджетке түсу қалыптасуы мүмкін еді. Және шекара мен кеден қызметінің шығындарын өтеуге мүмкіндік пайда болып, қауіпсіздік мәселесін бақылау сапалы жүргізілер еді”, – деді Болатбек Нәжіметдинұлы.
Оның сөзінше, бүгінде Қытайға өз көлігімен барған Қазақстан азаматы 560 мың теңге төлейді. Ал біздің елде шетелдік машиналар уақытша әкелу мен кедендік рәсімдерден ғана өткізіледі. Және тегін жүруге рұқсат беріледі. Мәжілісменнің мәліметінше, соңғы бір жарым жылда Қазақстанға Қытай нөмірін таққан 8 мыңнан астам көлік кірген. Алайда олардың жол ережесін сақтауы қаншалықты бақыланып жатқаны белгісіз.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр