Депутат Ермұрат Бәпи "Парасат" орденімен марапатталды
Мәжіліс депутаты, журналист Ермұрат Бәпи "Парасат" орденімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: mazhilis_kz
"Мәжіліс спикері Мемлекет басшысының атынан бірқатар депутаттар мен аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Мәжіліс депутаттары Ермұрат Бәпи, Ерлан Барлыбаев және Еркебұлан Мәмбетов "Парасат" орденімен марапатталды", - делінген хабарламада.
Ермұрат Бәпи бүгінде қазақ қоғамдағы ең өзекті мәселелерді қозғап жүрген депутаттардың бірі. Атап айтқанда, ол экс-президент Назарбаевтың жақын туыстарының қызметіне қатысты қылмыстық схемаларды тексеруді, сондай-ақ елдегі монополиясыздандыру үдерісінің ашықтығын талап еткен жалғыз депутат.
Ермұрат Бәпи Қазақстан журналистер одағы сыйлығының бірнеше дүркін иегері, Қазақстан журналистер одағы басқармасының мүшесі.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған