Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Балиева әкімнен таяқ жеген баланың жағдайын білуге ауруханаға барды

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева Қорғалжын ауданында ауыл әкімінен соққы жеген баланың жағдайын білу үшін Астанадағы ауруханаға барды. Сонымен қоса БАҚ өкілдеріне оқиға бойынша пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қорғалжын ауданында болған жағдайға өкіл ретінде көңіл бөлемін. Қазіргі таңда құқық қорғау органдарына тиісті құжаттарды жібердім. Әкімнің ісі Тәртіптік кеңесте міндетті түрде қаралады. Жауапқа тартылады», – деді депутаат.

Зағипа Балиеваның айтуынша, оқиғаны 2 жағы бойынша қарауға болады.

«Біріншіден, неге балалар төбелеседі? Екіншіден, неге балаға қол жұмсайды? Алдымен, бүкіл білім басқармасының өкілдері жиналып, мектепке осындай жағдайдың тіркелуіне не себеп болғаны анықталады. Мектепте біріншіден ата-аналармен, балалардың өзімен де жұмыс жүргізілуі керек. Өкіл ретінде балалар құқықтары туралы кітап дайындадым. Елімізде 7414 мектеп бар. Солардың бәріне таратылады», – дейді ол.

Парламент депутаты сонымен бірге балалар өздерінің құқықтарын білуге міндетті екенін айтты.

“Бала өзінің құқығын қорғап, басқа баланың құқығын да сақтау керек. Бұл біріншіден. Екіншіден, Диастың анасы қазір арыз жазды. Сол бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті іс-шаралар жасалды. Қорытындысын күтеміз», – деді ол.

Зағипа Балиеваның айтуынша, ауыл әкімі міндетті түрде жауапқа тартылады.

«ҚР ҚК-нің 107- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дәрігерлер өзінің қорытындысын айтады. Ол қылмыстық кодекс бойынша жауапқа тартылады. Өкіл ретінде өзім осы жерге талай келіп жүрмін. Диастың да жағдайын біліп отырамыз. Қажетті көмек керек болса, көрсетеміз. Балаға қол жұмсауға ешкімнің қақысы жоқ. Ата-анасы, ағалары болсын, көршілері мен мұғалімдері болсын, әкім болсын – кім болса да қақысы жоқ», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында 8-сынып оқушысын соққыға жыққан Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың үстінен іс қозғалды. Ол А.Төлеубаев атындағы орта мектептің оқушысы Диас Мұқанды соққыға жығып, денсаулығына зиян келтірген.

Тағы оқыңыз:

Аман Тасыған: Мейрамбек Бесбаевты ел жақсы жағынан таниды, ал шынайы бейнесін көргенде қабылдай алмай қалады

Серікбол Сайлаубек: Бір көзім көрмейді, Алла бір көз бермесе де халықтың ықыласын берді, соған шүкір

Мәдина Сәдуақасова салтты білмеген күйеуінің жаңа үйленген кездегі қызықтарын айтып берді 

«91» тобының продюсері енді «Қазақстан» арнасында жаңа реалити-шоу жасамақ

 

Талқылау