"Депозитіндегі ақшадан бөлек, атынан несие алған": Ақтөбеде тұрғын 16 миллион теңгеге алданып қалды
Ақтөбеде алаяқ тұрғынға сілтеме жіберіп, өзі туралы ақпаратты толтыруын сұрап, кейін онымен байланысқа шыққан. Осылайша, ол жәбірленушінің жинаған ақшасынан бөлек несие алғызып, жалпы сома 16 миллион теңгесін қолды еткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон" порталына сілтеме жасап.

Алаяқ жәбірленушінің деректері арқылы алдымен депозиттен жинаған ақшасын алған. Кейін атына несие рәсімдеген. Келтірілген шығын 16 миллион теңгеден астам.
"9 сәуірде Ақтөбе қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзіне алаяқтық жасалғаны туралы арызбен жүгінген. Арызданушыны адастырып, бейтаныс азамат оның деректерін алып, банктердің бірінің өтініші арқылы депозиттен жинақ ақшасын алып, несие рәсімдеген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды