Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулықты жақсы қалпында сақтап қалудың жолы анықталды

АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы университеттің ғалымдары грек жаңғақтарының ішекте пайдалы бактериалардың қалыптасуына әсер ететіндігін анықтады. Өз кезегінде бұл бақтериялар жүрек жұмысынының жақсаруына септігін тигізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы MedicalXpress порталында жарияланды. 

Ғалымдардың зерттеуіне 42 адам қатысқан. Еріктілердің барлығы артық салмақ пен семіздікке душар болғандар екен. Тәжірибе басталмай тұрып қатысушылар екі апта бойы майлар мен көмірсуға бай өнімдер қабылдауға негізделген диетаны сақтаған. Содан кейін тамақтану рационына байланысты олар үш топқа бөлінген. Бірінші топқа жаңғақтарды қабылдайтын адамдар іріктелсе, екінші және үшінші топтағы еріктілердің ас ішу үрдісіне грек жаңғақтары мүлдем кірмеген. 

Зерттеуге қатысқандардың барлығы көрсетілген диетаны алты апта бойы ұстанған. Мамандар еріктілердің ішқұрылысында түзілетін бактерияларға бақылау жүргізіпті.  Грек жаңғақтарын жиі тұтынған адамдардың арасында артериалдық қан қысымы тұрақталып, холестерин мен липопротериндердің мөлшері төмендеген. 

Басқа екі топтағы қатысушылардың арасында мұндай ілгерінді үрдістер байқалмапты. Олардың ағзаларындағы жүрек қан-тамырлар жүйесінің ауруларының азаюы анықталмаған. 

 

Талқылау