Денсаулық сақтау вице-министрлері алғашқылардың бірі болып вакцина салдырады
1 ақпаннан Қазақстанда Covid-19 қарсы Ресей Федерациясында өндірілген "Спутник V" вакцинасын егу науқаны басталады. Вице-министрлер алғашқылардың бірі болып вакцина салдырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.

Екпені алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алады.
Естеріңізге салайық, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпаннан Қазақстанда "Спутник V" екпесімен еркіті вакцинациялау науқаны басталады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ресейлік Спутник V вакцинасының 20 мың доза көлемінде бірінші партиясы Қазақстанға келді және аймақтарға таратылады.
Вакцинаны тек ҚР кәмелеттік жасқа толған азаматтары ғана ала алады. КВИ-ға қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін жалғасады, оған 6 млн адам қатысады деп жоспарлануда.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді