Денсаулық сақтау министрлігі қызылша мен көкжөтелге байланысты эпидемиологиялық жағдайдың қолайсыз екенін мәлімдеді

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері соңғы уақытта елімізде қызылша және көкжөтелмен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, қызылша бойынша 75% жағдай және көкжөтел бойынша 87% жағдай жоспарлы вакцинация алмаған балаларға тиесілі. Министрліктегілер нақты қанша бала қызылшамен және көкжөтелмен сырқаттанып жатқанын хабарламады.
Айта кетейік, Қазақстанда 27 сәуірде еуропалық иммундау апталығы басталды, бұл шара 3 мамырға дейін жалғасады.
“Вакцинаның арқасында Қазақстанда 1996 жылдан бастап полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия тіркелмеген. Эпидпаротитпен сырқаттанушылық 100 еседен астам, А гепатиті – 32 есе, В гепатиті – 92 есе, қызамық 2 мың еседен астам төмендеді”, – делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда иммундау бағдарламасы 21 инфекциядан қорғайды.
Еске салсақ, 2024 жылдан бастап Ұлттық күнтізбеге 11-13 жас аралығындағы қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинациялау қосылды.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?