Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда қандай жағдайда карантин енгізілетіні туралы айтты
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифинг барысында елімізде қандай жағдайда қайта карантин енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда карантин енгізу мәселесі талқыланбағанын айтты. Оның сөзінше, әзірге эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғандықтан, қайта карантин енгізу қарастырылып жатқан жоқ.
"Карантин енгізудің бірнеше талаптары бар. Басты талап - егер науқастарға арналған төсек орын 70 пайызға толып кететін болса, қайта карантин енгізуге мәжбүр боламыз. Төсек орындар толып, денсаулық сақтау министрлігінің күші жетпей жатқан кезде, карантин енгізу мәселесін үкіметке ұсынатын боламыз. Карантин енгізу мәселесі қазір қарастырылып жатқан жоқ. Өйткені, біздің төсек орындар 15 пайызға ғана толған", - дейді Алексей Цой.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген