Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктердің жұмысын сынға алды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен күресу шараларын дұрыс атқармай жатқаны үшін әкімдіктерді сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында Цой министрліктің мамандары коронавируспен ауыратын науқастардың көбеюіне байланысты ейбір аймақтарға әс-сапармен барғанын айтты. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталған.
"Іс-сапар қорытындысы бойынша бірқатар кемшіліктер анықталды. Диспансерлік тізімге енгізілген науқастардың ілеспе ауруларын бақылау және емдеу жұмысы дұрыс жүргізіліп жатқан жоқ. Сонымен қатар, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Коронавирустың алдын алу және диагностикалау шаралары жүзеге асырылып жатқан жоқ", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанның үш өңіріндегі инфекциялық ауруханаларда төсек-орындар толып жатқаны туралы жазған болатынбыз.и
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады