Денсаулық сақтау министрі неліктен әлі вакцина салғызбағанын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой неліктен әлі вакцина салғызбағанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алексей Цой

"Шыны керек, мен әлі қазақстандықты да, ресейлік вакцинаны да салғызған жоқпын. Қазіргі таңда біз вакцинаның соңғы нәтижелерін күтіп отырмыз. Қазақстанда ресми түрде екпені мен біріншілердің бірі болып өзіме ектіремін. Түсінбеушілік орын алмас үшін, денсаулық сақтау министрлігіндегілердің бір жартысы қазақстандық вакцинаны, екінші жартысы ресейлік вакцинаны салғызады. Вакцинациялаудан міндетті түрде өтеміз, тек нәтижесі шықса болғаны", - деді министр. 

Айтуынша, денсаулық сақтау министрінің вакцинаны салғызуда үлкен мағына жатыр. 

"Әріптестеріміздің вакцинациялаудан өтуі, әрине, мақтанарлық жағдай. Алайда денсаулық сақтау министрі вакцина ектірсе, онда ол препарат сенімді, сапалы, толығымен тексерістен өтіп, нәтижесін берді деген сөз. Бұл - қазақстандықтарды вакцинадан өтуге шақыру. Қазір вакцина сынақ фазасында. Дайын болған кезде біз міндетті түрде оның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеп екпе салғызамыз", - деп қосты Цой. 

Еске салайық, бұған дейін Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салғызғаны айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр