AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі: Қазақстанда коронавирус қарқыны 17 пайызға төмендеді

Қазақстанда сырқаттану жағдайының төмендеуі 17 пайызды құрып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында әлемнің 21 елінде коронавирус инфекциясының беті қайтып келе жатқанын айтты. 

"Бүкіл әлемде коронавирус инфекциясының 240 миллионнан астам, тәулігіне 300 мыңға жуық жағдай тіркеліп отыр, 4,9 миллионнан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағындағы мәліметтері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің 33-інде аурудың өсуі байқалған. Соңғы 14 күнде аурудың ең көп өсуі Польшада байқалды. Онда сырқаттану деңгейі 122%-дан асқан. Грузияда – 98%, Украинада – 69%, Венгрияда – 50%-дан астам, Арменияда – 40%-дан астам, Ресейде – 30%, Молдовада – 20%-дан астам, Түркия, Аустрия және Германия, Қырғызстан, Беларусь елдерінде 2-ден 10%- ға дейін өскен", – деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, сырқаттану деңгейі Қазақстанда 17 пайызға төмендеген. 

"Сырқаттану көрсеткіші Израильде 61%, Испанияда 43%, Швейцарияда 39%, Черногорияда 24%, Италияда 22%, Францияда 16%, Әзербайжанда 7%-ға түскен. Қазақстанда кейінгі екі аптада сырқаттану 17%-ға төмендеді", – деді денсаулық сақтау министрі. 

Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой Үкімет отырысында 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин шаралары жеңілдейтінін айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр