Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі қанша жалақы алатынын айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жалақысының қанша екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Стандартқа сәйкес, әріптестерімізбен бірдей, бәріміз шамамен 900 мың теңге көлемінде жалақы аламыз", - деді Цой Мәжіліс отырысынан кейін.

Сондай-ақ ол өз отбасы азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын да айтты.

"Біздің отбасымызда бес адам. Орташа есеппен аптасына 50-70 мың теңге шығады. Кейде отбасылық мереке немесе тағы басқа шара болып қалады. Сондықтан бұл жерде аптаға байланысты. Біз де сіздер сияқты адамбыз, дүкенге барамыз. Сол себепті бұл қалыпты жағдай", - деді Цой.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қанша жалақы алатынын айтудан бас тартқан. 

Кейіннен Нұрлан Ноғаевтың айына 1 миллион 977 мың 890 теңге алатыны белгілі болды.  

Сондай-ақ Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев жалақысының 1 млн 900 мың теңге екенін айтқан. 

Кейін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова 1,8 млн теңге алатынын мәлімдеді. 

Талқылау