Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін елімізде республикалық вакцинация науқаны басталды. Осы орайда ведомство басшысы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №6 қалалық емханасына барып, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдырды.

"Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршиді. 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусымда  ЖРВИ ауырған 431 120 адам тіркелді. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін, сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан бұл жолы елімізде вакцинацияны жылдағыдан ерте, екі апта бұрын бастаймыз. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан  өткен, сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзім бірінші болып  екпе салдырдым", - деді А.Цой.



Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Қазақстанда егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді. Бірыңғай дистрибьютор халықтың 10 пайызынан астамын тегін вакцинациялау  үшін Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 2 млн. астам дозасын сатып алды. Вакцина құрамында тұмаудың  үш штаммы және қарсы антиген бар.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №6 қалалық емханасына тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының  7200 дозасын бөлген.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр