AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %
AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %

Денис Теннің өлімі: Сот Толыбаеваның не себепті қайта қамауға алынғанын түсіндірді

Алматы облысының соты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлтірілгені туралы хабарламағаны үшін сотталған Жанар Толыбаеваның түзеу колониясына оралуы туралы ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облыстық соты сотталушы Ж.Толыбаеваға қатысты "жазаны неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру" туралы Іле аудандық сотының қаулысын бұзды.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 17 қаңтардағы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен Ж.Толыбаева "қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру" фактісімен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, жазаны өтеу мерзімі 2018 жылдың 21 шілдесінен бастап есептелген.

“2019 жылы желтоқсан айында Ж.Толыбаева жаза мерзімінің – 1/3 бөлігін өтеп, өзінің конституциялық құқығын пайдалана отырып, "жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру" туралы арызымен сотқа жүгінген. 2020 жылдың 6 қаңтардағы Іле аудандық сотының қаулысымен Ж.Толыбаеваның арызы қанағаттандырылып, бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген мерзімі бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған”, – деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі. 



Сотта Ж.Толыбаеваны мекеме әкімшілігімен жағымды сипатталғаны және прокурордың сотталғанның өтінішін қолдап, жазасын неғұрылым жеңіл түріне ауыстыруды сұрағаны ескерілген.

“2021 жылы қаңтар айында, жәбірленуші тарап сот қаулысымен келіспей, апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіріп, Алматы облыстық сотына сот қаулысын бұзуды сұрап жеке шағым келтірген. Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жыл 19 наурыз қаулысымен, Іле аудандық сотының 2020 жыл 6 қаңтардағы қаулысы бұзылып, жәбірленушінің жеке шағымы қанағаттандырылған.
Сот алқасы, сотқа ұсынылған материалда сотталғанның түзелу жолына түскендігі туралы мәліметтің жеткіліксіз екенін, сонымен қатар бірінші сатыдағы соттың шешім шығару кезінде жәбірленуші тараптың пікірі ескерілмегендігін анықтаған. Осы орайда, Ж.Толыбаева сот жазасын ары қарай өтеу үшін ЛА-155/4 түзету мекемесіне қайтарылды”, – дейді облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматы қаласындағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында көлік тонаушыларымен болған қақтығыс салдарынан қайтыс болды.

Денис Теннің көлігіндегі айналарды Арман Құдайбергенов алып тастағаны анықталды. Оның сыбайласы Жанар Толыбаева бұл кезде көліктен жеті метр жерде тұрған. Алайда ол Денис Теннің жанынан өтіп бара жатқанын байқамайды. Спортшы көліктің жанында бейтаныс адамдарды көріп, оларды тоқтатуға тырысты. Құдайбергенов пен Теннің арасында төбелес басталды. Осы кезде Нұралы Қиясов рюкзагынан пышақты суырып алды, артқы жағынан келіп, Денис Тенді санынан екі рет шаншып тастады. Денис алған жарақатынан кейін көз жұмды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр