"Дене мүшелерін жеке-жеке көрсеткен": Студенттер мәйітханадағы мүрделермен ойнаған
Ақ халатты жастар мәйітханадағы мүрделермен ойнап, видеосын әлеуметтік желіге жүктеген. Кадрлардан студенттердің мәйіттің қолынан ұстап тұрғаны көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі жазба көпшіліктің қызу талқысына түсті. Онда парақша иесі мәйіттердің дене мүшесін де жеке-жеке көрсеткен. Желі қолданушылары видео авторының Алматыдағы танымал медициналық университетте оқитынын жазған.
Қазір жоғарғы оқу орны жазба иесін тауып, мән-жайды анықтауға көшкен. Ал психолог мұндай қадамға барғандардың ауытқуы бар деп есептейді.
"Біріншіден бұл жерде отбасылық тәрбиеге байланысты. Мәйітпен ойнаған адам ол – тасжүрек. Жүрегінде иманы жоқ. Ойының бәрі хайп, тик-ток. Психологиясының ауытқуы бар адам. Tik-Tok-қа заң енгізу керек қой. Осындай қорқынышты мәйітті, осындай суға секіруге болмайды деген заңды қағидаларды қойса, жастар оған дейін бармайды", – деді психолог Айгүл Қараманова.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”