Демеу Жадыраев пен Нұрқожа Қайпановқа пәтердің кілті табыс етілді
Париж олимпиадасының күміс жүлдегері мен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа су жаңа пәтердің кілті табыс етілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/nurkozha0074/
Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы 2024 жылдың үздіктерін марапаттады. Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев "Жыл спортшысы" атағына ие болып, пәтердің кілті табыс етілді. Сондай-ақ олимпиадалық емес салмақта әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа да пәтердің кілті табысталды.
Айта кетейік, марапатталғандар арасында Демеудің жеке бапкері Боранбек Қоңыратов жоқ болды.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды

