Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалыс күндері доллар құны 5 теңгеге арзандады

28 наурыз KASE қор биржасының таңғы саудасы бір доллар үшін 489,10 теңгемен аяқталды. Соңғы деректер Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланған.

Бүгінгі таңғы сауданың нәтижесінде АҚШ валютасы бір мезетте 5,16 теңгеге арзандап, бірлігі 489 10 теңгені құра бастады. Ал, Алматыдағы екінші деңгейлі банктер долларды 489-493 теңгеден сатып, 483-487 теңгеден сатып алуда.

Нұр-Сұлтан тұрғындары долларды банктерден 490-496 теңгеден сатып алып, 484-490 теңгеден сата алады.

Валюта айырбастау пункттері долларды мынадай бағамен сатады:

Алматыда айырбастау қондырғыларында долларды 488-491 теңгеге сатып алып, 482-485 теңгеге сата алады;

Нұр-Сұлтанда айырбастаушылар долларды 488-491 теңгеден сатса, 482-487 теңгеден сатып алуда;

Шымкентте доллар орташа есеппен 489 теңгеден сатылса, 483-485,5 теңге аралығында сатып ала алады. 

Талқылау