"Демалыс берілмей, үстеме жұмыстар жүктелген": Алматыда автобус жүргізушілерінің құқығы бұзылған
Алматыда автобус жүргізушілерінің құқығы бұзылып келген. Оларға ауысымаралық демалыс берілмей, үстеме жұмыстар жүктелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Түрксіб ауданының прокуратурасының мәліметінше, қаланың ең ірі жолаушылар тасымалдаушысы 1656 автобус жүргізушісінің еңбек заңнамасын бұзғаны анықталған.
“Бұзушылықтар үстеме жұмыстардың шекті санының артуынан, ауысымаралық демалыс ұзақтығының қысқаруынан және жүргізушілерге демалыс күндерінің берілмеуінен болып келген.
Тасымалдаушының мұндай әрекеттері жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді”, – делінген хабарламада.
Талдау нәтижесіне сай, тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтар жойылды. Жұмысшылардың еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен