ДДҰ: Коронавирус ауа арқылы берілмейді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус ауа арқылы берілмейді деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Коронавирус жұқтырған адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлегенде пайда болатын тамшылар арқылы өтеді», - делінген ДДҰ-ның ресми твиттерінде.
Осылайша, ДДСҰ мәліметі бойынша, вирус ауада өмір сүрмейді. Сондықтан өзіңізді қорғау үшін бір-бірінен бір метр қашықтықты сақтау керек, үнемі беттерді зарарсыздандыру, қолды жуу, көзге, мұрынға және ауызға қол тигізбеу керек.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды