ДДСҰ коронавирустың әлдеқайда қауіпті штаммы пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адан Гебрейесус коронавирустың “дельта” нұсқасынан гөрі қауіпті штаммының пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ДДСҰ басшысы бұл туралы Токиода Халықаралық Олимпиада комитетінің 138-сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.
"Вирустың таралуы неғұрлым кең болса, соғұрлым жаңа нұсқалар пайда болады. Дәл қазір үлкен зиян келтіріп отырған “дельта” штаммынан да қауіпті штаммдар пайда болуы ықтимал. Вакцина арқылы вирустың таралуын тоқтата аламыз", – деп атап өтті Гебрейесус.
Өз сөзі кезінде Гебрейесус Токиодағы Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясы аясында қауіпсіз өтеді деген үмітін де білдірді.
Еске салайық, Токио Олимпиадасы пандемияға байланысты бір жылға шегерілген болатын. Биылғы ойындар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады