ДДСҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін атады
Коронавирус инфекциясының жаңа түрінің пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Данияның DR телеарнасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймағы бюросының басшысы Ханс Клуге мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, 2021 жыл да коронавирус жылы болады, бірақ жағдай былтырғыға қарағанда едәуір жақсарады.
"Нашар сценарий артта қалды. 2020 жылмен салыстырғанда вирус туралы көбірек білеміз", - деді Клуге.
Сонымен бірге ол өзінің болжамын ғана айтқанын және пандемиямен байланысты жағдайдың қалай дамитынын ешкім болжай алмайтынын ескертті.
- Елімізде COVID-19-дан алғашқы кәмелетке толмаған жасөспірім көз жұмды
- Ғалымдар коронавирустың қаупі сегіз есе артқанын мәлімдеді
"Вирус қалады, бірақ шектеулер қажет болмайды деп ойлаймын. Бұл оптимистік хабарлама", - деді ДДҰ өкілі.
22 ақпандағы ДДСҰ мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде COVID-19-ды 110 974 862 адам жұқтырған, оның ішінде 2 460 792 адам өлім құшты. Ең көп науқастар АҚШ, Үндістан және Бразилияда тіркелді.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге
