Соңғы жаңалықтар

Елімізде COVID-19-дан алғашқы кәмелетке толмаған жасөспірім көз жұмды

Қазақстанда кәмелетке толмаған жасөспірім коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 16 жастағы қыз COVID-19 салдарынан көз жұмған Қазақстандағы алғашқы кәмелетке толмаған жасөспірім болды.

Науқас өткен жылдың шілде айында Ақмола облысының көпбейінді облыстық балалар ауруханасының инфекциялық бөлімінде бақилық болды.

Қызға қойылған соңғы диагноз - ауыр ағымы бар COVID-19 коронавирустық инфекциясы және өкпесінің 75%-дан астамы пневмония.

Марқұм бала кезінен мүгедек болған және көптеген қатар жүретін аурулардан зардап шеккен - Даун синдромы, қант диабеті, семіздік және анемия.

Үйде 10 күн емделгеннен кейін қыз ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Ол ауруханада тоғыз күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатты. Дәрігерлер денсаулық сақтау министрлігі жасаған клиникалық хаттамаға сәйкес емдеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр