Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирустың қаупі сегіз есе артқанын мәлімдеді

Нью-Йорк университеті мен геномдық орталықтың және Маунт-Синай медициналық ұйымның ғалымдары коронавирустың британиялық, оңтүстік-африкалық және бразиялық штамдары патогеннің қаупін 8 есе арттырғанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы eLife журналында жарияланды. 

коронавирус

Қазіргі таңда 2020 жылы пайда болып, АҚШ-та таралған коронавирустың D614G мутациясы ең қауіпті әрі тез жұғуға бейім вирустың түрі ретінде саналып отыр. Аталмыш патоген өкпеде, бауыр мен тоқ ішекте табылған. 

Ғалымдар D614G мутациясы басқаларына қарағанда аурудың қаупін 8 есеге асқындырады деген тоқтамға келген. Бұған қоса, зерттеушілер вирустың жаңа түрлері қалыптасқан сайын оның беріктігі де арта түседі деген пікірде. 

Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы вакциналар бұл мутацияға төтеп бере алуы мүмкін екен, десек те мамандар тағы зерттеу жүргізілуі қажет деп ойлатындарын жеткізді. Өйткені алдағы уақытта жаңа мутациялардың бір-бірімен өзара әрекеттесуін түсініп, олардың иммундық жүйеге ықпалын анықтау керек сыңайлы. 

Айта кетейік, бұған дейін француз дәрігері Андрэ Гютер короавирустың түсі - ақ пен қара аралас деген болатын. Сөзінше, интернетте таралған вирустың түрлі-түсті суреті шындыққа жанаспайды.

Талқылау