Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевты жаңа қызметке тағайындады. Енді Абаев Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде. Бұл туралы Stаn.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Дәурен Абаев бұған дейін де мемлекеттік қызметте түрлі лауазымда болды. Атап айтқанда ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы және кеңесшісі қызметінде, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, 2019 жылы Ақпарат және әлеуметтік даму министрі болып тағайындалды. 2020 жылы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі