Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында балалар тегін үйірмелерсіз қалды

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматы облысындағы балаларға арналған тегін үйірмелердің неліктен тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Спутник Қазақстанға сілтеме жасап.

Бұған дейін Балалар омбудсмені Аружан Саин 1 наурыздан бастап Алматы облысында Artsport жүйесіндегі кейбір секциялар мен үйірмелерге қаржы бөлу тоқтатылғанын жазған болатын.

“Бұл үлкен мәселе. Оны мойындауымыз керек. Балалар қозғалыста болуы шарт. Үйірмелерге бөлінетін облыс бюджеті салыстырмалы түрде 50 мың балаға есептеледі. Бюджет бөлінеді, оны мәслихат бекітеді.  Ал Алматыда бала саны бұл көрсеткіштен асып кеткен. Яғни бөлінген бюджетке өте көп бала келген”,- деді Абаев.

Ол бұл мәселенің шешімі іздестіріліп жатқанын жеткізді.

“Алматы облысында бұндай үйірмелерді уақытша жабуға тура келді. Өйткені алдымен бөлінген ақшаның көлемі қаралып, жетпесе қосымша бюджет бөлініп, кейін қайта ашылатын болады. Алайда ата-аналар тарапынан осыған байланысты наразылықтар туындағандықтан Аружан Сайнға мүмкіндігінше осы мәселелердің шешімін табуға тапсырма бердім”,- деп қосыты министр. 

Оның айтуынша қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінде мыңдаған бала осы жүйеге тартылған.

Талқылау