Шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктен құлаған соң Семейге жаңа әкім тағайындалды
22 желтоқсанда шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктіктен құлап, жансақтау бөліміне түскеннен кейін Семей қаласының әкімі ауыстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Абай облысының әкімдігі
Әкім қызметіне Нұрбол Нұрсағатовтың орнына Талғат Мұратов келді.
"Семей қаласының әкімі болып Талғат Мұратов тағайындалды", – деп хабарлады Абай облысының әкімдігі.
Бұған дейін, Талғат Мұратов Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарған. Ол 2022 жылдың қазан айынан бері Семейді басқарып келген Нұрбол Нұрсағатовтың орнына келді.
Айта кетейік, 22 желтоқсанда Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктіктен құлап зардап шеккен еді. Ол Nº49 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқалиев болып шықты. Қазір мұғалім жансақтау бөлімінде. Осы оқиғадан кейін Семейде білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылған. Ал тәртіптік жауапкершілікке мектеп директорлары тартылған.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ