Дәулет Мұқаев: Оқушы кезімде шемішке мен шыбынның дәрісін сатып, ақша таптым
Блогер, экономист Дәулет Мұқаев жастай білімге құштар болып, еңбекке де ерте араласқанын айтады. Сөзінше, ол алғашқы табысын 4-сыныпта оқып жүріп тапқан. Мектеп қабырғасында жүргенде түрлі жұмыстар атқарған. Бұл туралы Дәулет Мұқаев "Түнгі Хабар" бағдарламасында айтты.

"Алғыр, білімге ұмтылғыш, зерек бала болдым. 4-сыныпта оқып жүргенде 2-3 сынып балаларына сабақ беретінмін. Сол кезде бір үйден 200 теңге алатынмын.
Көршілер мені "кіші декан" деп атайтын. Балалар түсінбеген сабақтарды, көбінесе математиканы түсіндіріп беретінмін", - деп еске алды Дәулет.
Блогер еңбекке де ерте араласқанын еске алды.
"Оқушы кезімде шемішке, шыбынның дәрісін саттым. 7-8 сыныпта көлік жуатын орталықта, кейін моляр болып жұмыс істедім. 11-сыныпты бітірген соң, бутикте ұялы телефон, батарея, қуаттағыш сынды заттар саттым", - дейді экономист.
Қаржылық сауаттылық туралы халыққа білім беріп жүрген Дәулет Мұқаевтың бүгінгі таңда 4 баспанасы бар.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық