Дастин Порье Конор Макгрегорды нокаутпен жеңіп кетті (видео)
Америкалық Дастин Порье ирландиялық Конор Макгрегормен реваншта жеңіске жетті.
Жеңіл салмақтағы реванштық жекпе-жек Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 257 турниріндегі басты жекпе-жек болды.
Бұл спортшылардың екінші кездесуі болды. Олар бірінші рет 2014 жылы жұдырықтасты. Ол кезде Макгрегор бірінші раундтың басында жеңіске жеткен.
Бірінші раундта балуандар қауіпті соққылармен алмасты. Ал екіншісінде Порьенің бірқатар шабуылдарынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Бұл 22 жеңісі бар ирландиялықтың ММА-дағы бесінші жеңілісі. Ол 2018 жылы қазанда Хабиб Нұрмағомедовтен жеңілді.
2019 жылы Порьені Хабиб Нұрмағомедов ойсырата жеңген еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”