Дастан Сәтбаевтың Челси футбол клубынан қанша жалақы алатыны белгілі болды
16 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев ресми түрде Лондонның "Челси" футбол командасының құрамына кірді. Ол қазақ футболы тарихындағы ең қымбат ойыншы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, мәміле құны 4,3 миллион еуро болды. Ал келісімшарт ойыншыға айына 14 мың фунт (шамамен 8,7 миллион теңге) жалақы төлеуге кепілдік берді.
Дегенмен, Сәтбаев 2026 жылға дейін "Қайрат" футбол клубында ойнайды. Бірақ "Челсидің" жаттықтырушысы онымен жеке бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Оның матчтарға қатысуы лондондық клубпен келісіледі.
Келісімшартта ойыншының жалақысы ата-анасына жіберілетіні, ал Дастанның өзі бұл қаражатқа 22 жасқа толғанда ғана қол жеткізетіні жазылған.
Жас футболшы кәмелеттік жасқа толғанша алдағы екі жыл Қазақстанда болады. Содан кейін "Челсиге" ауысады.
Айта кетейік, бұған дейін Футболшы Дастан Сәтпаев ресми түрде "Челси" клубының ойыншысы атанғанын жазған едік. 
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
