Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер теңізден табылған 4 күндік шақалақтың өмірін құтқарып қалды

Жерорта теңізін кесіп өтпек болған 500 мигранттың ішінде төрт күндік шақалақ болған. Жаңа туған сәби Италияға бағыт алған резіңке қайықтардың ішінен табылған.

3EDD620600000578-0-image-a-100_1491178701943

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Испания ауруханасы сәбиге 3 сағат бойы ота жасаған. Мигранттардың ісін сот қарап жатыр. Олар Италияға кеше және бүгін келген. Соңғы бір жылда теңізді кесіп өтпек болып 600 мигрант қаза тауып, Еуропа жеріне 181 мыңы аяқ басқан.

3ED6455500000578-0-image-a-102_1491178778761

Сәбидің 29 жастағы анасы мен 34 жастағы әкесі де құтқарылды. «Біз Францияға немесе Германияға кеткіміз келеді. Ол жақта біздің отбасымызды сақтап қалуға болады», – дейді сәбидің әкесі.

3ED68EA400000578-0-image-a-101_1491178739150

Су жағалауы күзетінің қызметкерлері өзге де мигранттардың құтқарылғанын айтып жатыр. Ал сәбиді 26 жастағы Дэниел Кэльвело тауып алып, бірден ауруханаға жеткізген. Ол өзінің оған жаңа өмір сыйлағандай әсерде екенін айтып жатыр. Африка халқы Италияға көшу арқылы өздерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын түзетіп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Алғашқы адамдардың тікелей ұрпағы аралдарына келгендерді аяусыз жазалауда

АҚШ-та бір-бірін жастықпен ұратын жарыс өткізілді

Жер атмосферасынан электр энергиясының алып қуаты табылды

Отбасы жүкті болып қалған қыздарын 16 жыл бойы тыржалаңаш қамап ұстаған

Талқылау