Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер коронавирустың балаларға кері әсерін анықтады

Балаларда коронавирустың жанама әсері 6-12 айдан кейін білінуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Дельта” шатммынан болатын коронавирустың бұл жанама әсері егде адамдарға қарағанда балалар мен жастарға әсер етеді. 

Бұл туралы Алматы қаласының №8 емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаева айтты.

Қазіргі уақытта коронавирустың "дельта" штаммы негізінен вакцина салдырмаған жастар арасында кең таралуда. Жұқтырғандардың 37%-ы 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар.

"Қазір балалар коронавирусты оңай көтере алатыны белгілі болды, бірақ 6-12 айдан кейін көптеген адамдарда ковидтен кейінгі синдром пайда болуы мүмкін. Бұл өте қиын синдромдардың бірі, ол ағзаның кез келген бөлшегін зақымдауы мүмкін. Сол үшін ата-аналар балаларына сақ болуы керек. Бұл ауру балаларда жиі кездеседі, қанда иммуноглобулин М мүлдем болмай шығады", – деді Ағыбаева. 

Оның айтуынша, мұндай синдроммен бір жасқа дейінгі және созылмалы патологиясы бар балалар жиі ауырады.

Дәрігердің айтуынша, балалар көбінесе коронавирусты отбасы мүшелерінен жұқтырады.

"Көбінесе коронавирусты балалар ата-анасынан жұқтыруады. Сондықтан балаларды дүкендерге, қоғамдық орындарға, ойын алаңдарына апармауға тырысыңыз", – деді Ағыбаева.

Талқылау