Дәрігерлер Кавасаки синдромының дамуына қандай балалар көбірек бейім екенін айтты
Дәрігерлер Кавасаки синдромының дамуына қандай балалар көбірек бейім екенін айтты. Анықталғандай, бір жасқа дейінгі балалар мен ауыр аурулары бар балалар қауіп тобында екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың айтуынша кейбір балаларда Кавасаки синдромына ұқсас клиникалық белгілер пайда болуы мүмкін. Ауру кейде ауыр түрде өтеді, ол кезде жүрек бұлшықетінің қабынуы болады. Бұл аневризманың, коронарлық артериялардың және зақымдалған органдар мен жүйелердің ықтимал дамуынан болады.
Кавасаки синдромы кезінде пайда болатын белгілер: дене қызуының 38 градустан жоғары болуы, іштегі ауру, құсу, диарея, жөтел, ентігу, ауыр пневмонияның белгілері және денедегі бөртпе.
Қазіргі таңда Қазақстанда Кавасаки синдромы 31 баладан анықталды. Оларды емдеу үшін жаңа хаттама толтырылды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген