Дәрігерлер қателесіп алматылық әйелдің ішегінің жартысын кесіп алып тастаған
Алматы тұрғыны Қарлығаш Халықова бір жарым айдан бері төсектен тұра алмай жатыр, деп хабарлайды КТК.
Оның айтуынша, дәрігерлер қателесіп ішегінің жартысын кесіп алып тастаған.
«Дәрігерлер ешкімге айтпауымды сұрады. Көмектесетінін айтып, бәрін қалпына келтіреміз деді. Енді телефон тұтқасын да көтермейді. Маған басқа диагноз қойған. Отаға дейін ішегімді ірің болды. Бірақ мұндай болған емес», – дейді Қарлығаш Халықова.
Науқастың айтуынша, дәрігерлер мұның жеңіл ота екенін, уайымдамауға болатынын айтып сендірген. Алайда отадан соң жағдайы одан әрі үдей түскен. Есінен танып қалып, жансақтау бөлімінде өз есін жиған. Айтуынша, хирургтер қателігін мойындап, өлі етпен бірге ішектің жартысын кесіп алып тастағанын айтқан.
Науқастың ұлы полицияға арыз жазды. Мақсат Темірғалиев анасына моральді және материалды тұрғыда өтемақы талап етіп, тегін емдеуді сұрайды.
«Дәрігерлердің кесірінен анам жартылай мүгедек болып қалды. Дәрігерлер бір жерін емдесе, екінші жерін құртады», – дейді ұлы.
Науқасқа ота жасаған емхананың жетекші қызметін атқарушысы өзара тергеу жүргізетінін айтты. Айтуынша, егер дәрігерлердің кінәсі дәлелденсе, олар жазасын алатын болады.
«Біз бұл іс бойынша тергеу жүргіземіз. Маған ешкім келіп шағымын айтқан жоқ. Бұл туралы әңгіме болған емес», – дейді емхананың басшысы міндетін атқарушы Гаухар Көшкімбаева.
Емхана жетекшілігі науқасқа көмектесетінін айтты. Ондай жағдайда Қарлығаш Халықова полицияға жазған арызын қайтарып алмақ.
Тағы да оқыңыз:
Сарапшылар базардағы қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Латын әліпбиі жаппай енгізілмес бұрын мектептерде сынақтан өткізіледі
ХҚКО қызметкері азаматтарға қатысты құпия құжаттарды банктегі танысының өтінішімен алғанын мойындады