Дәрігерлер: Адамның оң жақпен және шалқасынан жатып ұйықтауы денсаулығына зиян
Адамның оң жақпен және шалқасынан жатып ұйықтауы денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.

Бұл жайлы мамандар зерттеуінен кейін белгілі болды. Дәрігерлер адамдарға сол жақ қырымен жатып ұйықтауға кеңес береді. Бұл ағза жасушаларының тазалануы мен ас қорыту жүйесіне септігін тигізеді. Шалқадан түсіп жатқанда адамның тыныс алуы нашарлайды. Бұл қан құрамында ауаның жетіспеушілігіне әкеп соғады. Әсіресе, жүкті әйелдердің бұлай жатуына болмайды. Оң жақ қырымен ұйықтағанда асқазан жұмысы мен лимфатикалық жүйенің қызметі бұзылады.
Мамандар бұған дейін әр түрлі зерттеулер жасап, адамның түс кезінде бір ауық ұйықтап алудың пайдалы екенін айтқан болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады